Айына 700 000 ₸ дейін табыңыз
Мопедпен, велосипедпен немесе самокатпен курьерлер іздейміз
Choco Рядом
Өнімдерді жедел жеткізу сервисі
Өнімдер қоймаларда сақталады, онда жиналып, курьерлерге беріледі. Тапсырыстар мобильді қосымша арқылы келеді және велосипедтермен, самокаттармен және мопедтермен жеткізіледі.
Choco Рядом-да жұмыс істеу неге тиімді
Бүкіл қала бойынша
жүрудің қажеті жоқ
Курьерлер әдетте 2 км-ден аспайтын аймақтарда тапсырыстарды жеткізеді. Үлкен қашықтықтар үшін курьерлер қосымша ақы алады
Жетістіктер
үшін бонустар
Апталық челлендждерді орындағаны үшін 35 000 ₸ дейін бонустар
Жайлы
күту
Курьерлер тапсырыстарды күтеді және қоймадағы демалыс бөлмесінде демалады
Тегін
сөмке
Сөмкені тегін береміз және көлікті жалға алудың тиімді шарттарын ұсынамыз
Көлікті компания
есебінен жалға алу
Жаңа курьерлерге көлік жалдауды өтейміз
Бастапқы бонус
20 000 ₸
Бонус негізгі төлемдерге қосымша есептеледі.
Жұмыс неден тұрады
Курьер тапсырысты қабылдайды
Тапсырыс қосымшаға автоматты түрде түседі
Тапсырысты мекенжайға жеткізеді
Жеткізу радиусы әдетте 2 км-ден аспайды. Үлкен қашықтықтар үшін курьерлер қосымша ақы алады
Тапсырысты тұтынушыға береді
Тапсырысты бергеннен кейін курьер тапсырысты аяқтайды және жеткізу бонусын алады
Қоймаға оралады
Курьер келесі тапсырысты қойманың демалыс аймағында күтеді
Жұмысты қалай бастауға болады
Форманы толтырыңыз ›
Менеджеріміз сізбен байланысуы үшін өзіңіз туралы деректерді толтырыңыз
Ауысымды таңдаңыз
Менеджер хабарласып, құжаттарды ресімдеуге және тиісті тағылымдамалық ауысымды таңдауға көмектеседі.
Тағылымдамадан өтіңіз
Тағылымдамалық ауысымға келіңіз (ақылы). Тәжірибелі курьер тапсырыстарды қалай жеткізетінін тәжірибеде көрсетеді.
Дайын!
Енді сіз Choco Рядом курьерісіз
Сұрақтар мен жауаптар
Мен қанша таба аламын?
Біз ауысымдағы әр сағатқа кепілді төлейміз (тапсырыс болмаса да) + әр тапсырыс үшін бонус. Сонымен қатар тапсырыстар саны үшін апта сайынғы бонустар + тұтынушылардан чаевой.
Орташа есеппен, бір аптада курьерлер 80 000 теңгеге дейін табады. Ал тұрақты жұмыс істейтіндер аптасына 160 000 теңгеге дейін алады.
Курьер жұмысын оқумен немесе басқа жұмыспен қоса алам ба?
Иә, біздің көптеген курьерлер жұмысты оқумен немесе басқа жұмыспен қосады. Бірақ күніне ең аз 4 сағат жұмыс уақытын таңдауға болады.
Ыңғайлы қойма орнын таңдай аламын ба?
Иә, бірінші ауысымға тағайындау кезінде сәйкес қойманы таңдай аласыз.
Жұмыс үшін көлік қажет пе?
Choco Рядом-да тапсырыстарды велосипедпен, мопедпен, электровелосипедпен және самокатпен жеткізуге болады. Егер сізде көлік болмаса, оны жалға ала аласыз, ал біз шығындарды өтейміз. Шарттарды менеджерден нақтылаңыз.
Жұмысты бастау үшін не істеу керек?
1. Жоғарыдағы формада қысқа өтінім толтырыңыз.
2. Сізбен менеджер хабарласып, тағылымдаманы ресімдеуге көмектеседі.
3. Тағылымдамалық ауысымға келіңіз. Тәжірибелі курьер тапсырыстарды қалай жеткізетінін тәжірибеде көрсетеді.
4. Енді сіз Choco Рядом курьерісіз!
Қандай кесте бойынша жұмыс істеуге болады?
Біздің қоймалар сағат 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.
Курьерлер 7:00-ден 23:00-ге дейінгі аралықта ауысымдарды таңдайды.
Бір ауысым кемінде 4 сағат.
Курьерлер ауысымдарды қосымша арқылы немесе Қойма Директоры арқылы брондайды.
Қандай қалаларда жұмыс істеуге болады?
Қазіргі уақытта екі қалада жұмыс істеуге болады: Алматы және Астана.